Бөбекжайда жасақталған ата-аналарға арналған консультациялық пункт жоспарына сәйкес бөбекжай әдіскері Н.Харесова “Ата-аналарға арналған пайдалы қосымша” туралы ақпарат берді.
“Thrive by Kazakhstan” – бұл 0-ден 5 жасқа дейінгі балалардың дамуын қолдайтын тегін мобильді қосымша. Онда күнделікті кеңестер, дамытушы ойындар, денсаулық және тәрбие туралы пайдалы ақпарат бар.
Бұл қосымшада ата-аналар үйде отырып, балаларымен үй жағдайында түзете-дамыту жұмыстарымен танысады, баланың жас ерекшеліктеріне қарай кеңес те беріледі. Үйде отырған ата-анаға өте ыңғайлы, баласын жан-жақты дамытатын қосымша.
Жүктеп алыңыз – балаңыздың болашағына бірге қадам басыңыз!
https://www.instagram.com/reel/DJjf3T6SGGS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Консультациялық пункттің жұмыс жоспары мен кестесі
Бөбекжай медбикесі «Бөбекжайдағы сауықтыру шараларын» жүргізді




