Бөбекжайдағы ата-аналарға арналған қызықты кеңестер

1. «Күнің қалай өтті?» деп сұраңыз, бірақ басқаша!
 «Бүгін бөбекжайда күлкілі не болды?»,
 «Қайда ойнадың, кіммен дос болдың?» — деп нақты сұрақ қойыңыз.
 2. Балаңызды «қолынан келеді» деп сендіріңіз
 «Сен өзің киіне аласың!»
 Мадақтау – өзіне сенімділік береді.
 3. Балаңыздың алдында тәрбиешіні мақтаңыз
 Бұл тәрбиешіге деген сенімді арттырады және тыңдауға ықпал етеді.
 4. Балаңызды асықпай қоштасуға үйретіңіз
 «Сау бол, балам! Кешке сені күтемін!» – жылы, сенімді қоштасу бейімделуге көмектеседі.
 5. Бөбекжай– “мінсіздік жарысы” емес
 Басқа балалармен салыстырмаңыз.
 Әр бала – өзінше ерекше!
 6. Баланың сөмкесін бірге жинаңыз
 Бұл – жауапкершілік пен өз-өзіне қызмет етуге алғашқы қадам.
 7. Тәрбиеші – сіздің серіктесіңіз
 Ашық диалог пен сенім – баланың мүддесі үшін маңызды.
8. Баланың көңіл-күйіне назар аударыңыз
Ашуланса – құшақтаңыз,
Тыныш отырса – себебін сұраңыз.
Бөбекжай басшысы: Избасарова Р.А.

https://www.instagram.com/p/DVKw5jTDJC3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Жарияланған күні: 25-02-2026  



Консультациялық пункттің жұмыс жоспары мен кестесі

icon...

  

Бөбекжай медбикесі «Бөбекжайдағы сауықтыру шараларын» жүргізді

iconКелген ата-атаналарға денсаулық шараларын сақтауға ұсыныс берді.Бөбекжайдағы таңертеңгі келген уақыттан бастап күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекел...

  

№ 57 «Ақбота» бөбекжайында балалары мектепке дейінгі ұйымдарға келмейтін ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмыс жасайды

iconКонсультациялық пункт отбасылық және қоғамдық тәрбиелеудің біртұтастығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, білім беру мекемесіне қатыспайтын балалардың тұлғалық жан-жақты дамуына қолдау көрсету. Консультациялы...

  

Кеңес беру пункті

...

  
Мейрамдар
Card image cap

Астана күніне орай «Елімнің жүрегі - Астана» тақырыбында мерекелік шаралар өткізілді

Подробнее
Card image cap

№9 ”Дарын” мектепалды тобы. Тақырыптық іс-әрекеті

Подробнее
Card image cap

Бөбекжайымыздың №12 "Көгершін" мектепалды тобында “Ұланымыз ұлы елдің” атты тақырыптық іс-әрекеті өтті

Подробнее
Бөбекжай ішіне виртуалды саяхат
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 жыл!
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Толығырақ
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Толығырақ
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Толығырақ